Алматы полициясы жолдағы бақылауды күшейтті

Алматы полициясы жолдағы бақылауды күшейтті
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Алматы полициясы жолдағы бақылауды күшейтті, нәтижесінде жүздеген құқықбұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рейд өткізіліп жатыр

Демалыс күндері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтауға және жол апаттарының алдын алуға бағытталған профилактикалық рейдтер өткізіліп жатыр.

Мотоцикл мен жеке мобильділік құралдарына ерекше назар аударылған. Арнайы тұрақтарға 3 мопед, 298 самокат, 1 электрвелосипед және 1 мотоцикл қойылған.

Бір ауданда 152 жағдай анықталды

Полиция қызметкерлері Жетісу ауданында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 152 дерегін анықтаған. Олардың қатарында көлік пайдалану және жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзу секілді жағдайлар бар.

Полиция не дейді?

"Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының тәртібіне байланысты. Сондықтан біздің міндетіміз - жол апатына әкеп соғуы мүмкін құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтап, олардың салдарына жол бермеу. Бақылау тұрақты түрде жалғасады. Әсіресе, көлік қозғалысы қарқынды және жол апаты жиі тіркелетін учаскелерге ерекше назар аударылады", - деді Алматы ПД бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget