Алматыда биыл "жалпыға бірдей білім беру" қорынан мектеп формасы мен сабақ құралдарын сатып алу үшін бір балаға 43 мың теңге жұмсалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы білім басқармасының ақпараты бойынша осы қордан халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 15 мыңнан аса оқушы көмек алған.
"Жалпыға бірдей білім беру" қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
"Бұл қордан көмек алуға мына санаттағылар құқылы:
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар;
3) жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары", - делінген ведомство хабарламасында.
Ата-ана, баланың заңды өкілі материалдық көмек алу үшін egov.kz электрон үкімет порталы арқылы немесе халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім бере алады. Ал кейбір жағдайларда білім беру ұйымына растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
"Қаржылық және материалдық көмек алуға арналған тізім оқу жылы ішінде бір рет жасалады. Бұл санаттарға жатпайтын оқушылар "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек ала алады. Биыл бұл акция 1 тамызда "Жақсылық жаса" девиізімен басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады", - делінген ведомство хабарламасында.
"Мектепке жол" акциясына қатысу үшін оқу орны бойынша білім беру ұйымына өтініш беру қажет. Бүгінде білім беру ұйымдарына 500-ге жуық өтінім берілген. Акция туралы қосымша ақпаратты мына жедел желі телефондары арқылы білуге болады:
- Алатау ауданы бойынша: +7 708 970 50 42
- Алмалы ауданы бойынша: +7 702 725 33 63
- Әуезов ауданы бойынша: +7 702 327 36 69
- Бостандық ауданы бойынша: +7 777 280 66 50
- Жетісу ауданы бойынша: +7 708 935 94 98
- Медеу ауданы бойынша: +7 700 996 56 89
- Наурызбай ауданы бойынша: +7 702 196 68 05
- Түрксіб ауданы бойынша: + 7 701 615 49 78
Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі өкілдері биыл баланы мектепке дайындау үшін 40 567 теңгеден берілетінін айтқаны хабарланған еді.
"Бәрі қиналып жүр ғой, арзанға сұрайды". Баланы базардан мектепке дайындау үшін қанша теңге қажет?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!