- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы тұрғындары қашан...
Алматы тұрғындары қашан таза су ішеді?
Алматыда ауыз су мәселесі әлі де өзекті. Әсіресе жаз мезгілінде мұздықтардың еруіне байланысты ел тұтынатын су лайланып кетеді. Біз өткен мақаламызда Алматының бірнеше аудандарында ауыз судың мәселесі ушығып тұрғанын жазған едік. Осыған орай Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы сауалдарымызға жауап берді,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айтуларынша бүгінгі күні Алматы қаласына қосылған аумақтарда, атап айтқанда Наурызбай ауданының (Қарағайлы, Қарғалы Таусамалы, Тастыбұлақ, Таужолы, Ақжар, Шұғыла, Құрамыс, Жаулау шағын аудандары), Медеу ауданының (Көлсай, Музтау, Таусамалы) және Түрксіб ауданының (Нұршашқан, Қайрат, Жас Қанат) тұрғын үй алаптарында ауыз су тапшылығы көктемгі және жазғы уақытта ауа температурасының көтерілуіне және мұздықтардың тез еруіне байланысты екен.
Қазіргі уақытта Наурызбай ауданында "Қарғалы" су жинау ғимараты мен сүзгі станциясының құрылысының 85 пайыз жұмысы аяқталып, 50 мың адамның мәселесін шешпек. Сондай-ақ Ақсай су тару құрылысы мен сүзгі станциясы салынып Ақжар, Таужолы, Тастыбұлақ, Шұғыла шағын аудандары мен Қарасай ауданының Жаңа Тұрмыс және Қырғауылды ауылдары сумен қамтамасыз етеміз деп сендірді. Айта кетейік бұл елдімекендер таза ауыз суды екі жыл күтуге мәжбүр. Себебі құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қараша айында аяқталатын көрінеді.
Мекеме биыл атқаратын жұмыстарын жіпке тізіп берді:
- Жаңадан 153,9 шақырым су құбыры, 118,3 шақырым кәріз желілері салынды;
- 18,8 шақырым су құбыры, 3,6 шақырым кәріз желілерінің қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді;
- "Жайлы қалалық орта" Жол картасының "ТКШ қызметтерінің сапасын арттыру" бөлімінің шеңберінде 9 жоба іске асырылады;
- 2026 жылға дейін 30 кәріз сорғы станциясын салу. Осыған сәйкес 16 жобаны іске асыру. Сол арқылы 95 пайыз қала тұрғындарын орталықтандырылған су бұруға жеткізу жоспарда бар. Бұл жоба 2028 жылы аяқталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов