Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді: ТЖД мәлімдеме жасады

Төтенше жағдайлар департаменті Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Жер сілкінісі тіркелді. Мамандар жер сілкінісінің ошағы мен қарқынын анықтап жатыр. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Сабыр сақтап, үрейге берілмеңіздер! Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер. Жағдай бақылауда", - деді Алматы қаласы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекші бөлім бастығы Ерген Батпасов.

Айта кетейік, Алматы тұрғындары алғашында 28 қыркүйекте сағат 06:32-де жерасты дүмпуін сезген.

Кейінірек тұрғындар тағы да қатты жер сілкінісін сезді. 

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 09:38-де тіркелген. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырым жерде, оңтүстік-батыста болған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!