Алматы тауларында төрт қыз құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Бостандық ауданында Үлкен Алматы көлі маңында шамамен 2500 метр биікте Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары төрт қызға көмектескен.
Қыздар Үлкен Алматы көліне көтерілген, алайда жолда бағытынан адасып, өз бетінше төмен түсе алмаған.
"Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, қыздарды төменге дейін алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Таудан түскен соң қыздар туыстарымен бірге үйіне қайтты", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін шетелдік турист Алматы тауларында адасып кеткені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова