Шетелдік турист Алматы тауларында адасып кеткен

Шетелдік турист Алматы тауларында адасып кеткен
Фото: Видео кадры

Алматы тауларында БАӘ-ден келген турист адасып, қайтар жолды таба алмай қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі түнде "Бүркіт ұясы" сарқырамасы маңында БАӘ-ден келген турист жоғалып кеткенін хабарлады. Оған құтқарушылар көмекке келген.

"Өткен түні Алматының Медеу ауданында, 3020 метр биіктегі "Бүркіт ұясы" сарқырамасы маңында Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары таудан түсіп келе жатып, бағытынан адасқан БАӘ азаматына көмектесті", - деді ТЖМ өкілдері.

Құтқарушылар туристі таудан тауып, қауіпсіз жерге дейін ертіп барған, оны туыстары күтіп алған. Туриске медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ кеңесі

ТЖМ тауға шығар алдында мына ережелерді сақтау қажет екенін тағы да еске салды:

  • маршрутты алдын ала зерттеу;
  • ауа райын ескеру;
  • жақындарыңызға жорық туралы ескерту;
  • таңбаланған соқпақтардан шықпау.

Сонымен қатар, мамандар тауға шығар алдында ескеру керек пайдалы кеңесті ұсынды:

  • жолға жалғыз шықпаңыз;
  • киім мен аяқ киімді ауа райына және маршруттың ерекшелігіне қарай таңдаңыз. Алыстан жақсы көріну үшін ашық түсті киімдерге басымдық берген абзал;
  • жылы киім, алғашқы көмек қобдишасын, қолшам, пауэрбанк және термос алыңыз;
  • жорық басталғанға дейін топтың барлық қатысушысын суретке түсіріп алыңыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget