Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр. 16 қазандағы жағдай бойынша ер адам табылған жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 қыркүйекте ер адам топ құрамында Шымбұлақ аспалы жолымен жоғары көтерілген. Кейін ол серіктестеріне жолды өз бетінше жалғастырып, қалаға да өзі қайтатынын айтқан. Алайда турист қонақүйге оралмаған.
29 қыркүйекте құтқарушыларға шетелдік азамат жоғалғаны туралы ақпарат түскен. Осыдан кейін тауда іздестіру-құтқару операциясы басталды.
Операцияның алғашқы күндері іздестіру жұмыстарына ТЖМ және полиция қызметкерлері, еріктілер, кинологиялық есептер, дрондар мен авиация тартылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова