Алматы тауларынан адам сүйегі табылды: тосын оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Алматы тауларынан адам сүйегі табылды: тосын оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Фото: facebook.com/akhmetova.kz

Алматы облысының тауларынан табылған адам сүйегі кімге тиесілі екені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны Нелля Михеева Instagram парақшасында видеолар жариялап, тауда табылған сүйек әкесіне тиесілі екенін айтты. Мәліметке сүйенсек, ол 2007 жылы тауға кетіп, содан оралмаған.

"Бүгін - отбасымыз үшін бір жағынан қайғылы, екінші жағынан қуанышты күн. 19 жылдан кейін әкемнің сүйегі табылды. Северцов мұздығы еріпті. Беларусьтен келген туристер бей-жай қарамай, әкемнің сүйегі мен сөмкесін тауып алғанына рақмет", - деді алматылық әйел.

Әйелдің айтуынша, құрбысы таудан адам сүйегі табылғаны туралы жазба жіберген. Ол әкесінің сөмкесін бірден таныған, кейінірек осыған ұқсас жазбаны жолдасы да жіберіпті.

Нелля Михеева таудан сүйек пен заттарды алып түскен құтқарушылармен, кейін полициямен байланысқа шыққан.

"Құтқарушылар тергеушінің нөмірін берді, біз сөйлестік. Тергеуші қолда бар барлық құжатты жіберуді сұрады. Барлық құжатты, тауда жүргенде сөмкені ұстап түскен суреттерді жібердім. Кейінірек ол қайта хабарласып, сөмкенің ішінен әкемнің куәлігі табылғанын айтты", - деді әйел.

facebook.com/akhmetova.kz

Еске салайық, бұған дейін Беларусьтен келген туристер Алматы тауларынан адам сүйегін тауып алғаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget