Беларусьтен келген туристер Алматы тауларынан адам сүйегін тауып алған. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Facebook-тегі жазба авторының айтуынша, оның беларусьтік достары екі апта бойы Алматы тауларында болған, ал төмен түсу кезінде адам сүйегіне тап болған. Туристер бірден құтқарушыларға хабарласқан.
facebook.com/akhmetova.kz
Алматы ТЖД өкілдері жағдайдан хабардар екенін және Полиция департаментімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар, ТЖД өкілдері ТЖМ "Қазавиақұтқару" әуе кемесі мен "Барыс" республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары сүйекті Северцов мұздығынан түсіру үшін ұшып кеткенін мәлімдеді.
"Сүйек төмен түсірілгеннен кейін Алматы облысы Полиция департаменті қызметкерлеріне тапсырылады", - деп толықтырды ТЖД өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова