Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол мегаполистің білім беру мекемелерінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған лагерь ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушіден 12 миллион теңгеден аса сомада 10 пайыз пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілініп отыр.
"Пара жеткізуші балалар лагерін толыққанды ұйымдастыру үшін қажет материалдық және еңбек ресурстарына ие болмаса да, конкурстың жеңімпазы болып танылғаны анықталды. Лауазымды адам сот санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Төтенше жағдай департменті басшылары сотталғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!