Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Төтенше жағдай департменті басшылары сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Төтенше жағдай департменті басшылары сотталды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Төтенше жағдай департменті басшылары сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери соттың апелляциялық алқасында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Р. Қасыбаевқа қатысты үкім шығарылды. Ведомство мәліметінше, сотталушы мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыс үшін толық құнды заңсыз төлеп, техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған.

"Ол билікті пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Қызылорда облысында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Б. Стамқұловқа да үкім шықты.

"Стамқұлов Н.-ға Оразбаховтан делдал А. Атажанов арқылы жеткізушіні таңдау кезінде артықшылық көрсеткені және газ толтыру пункттері бойынша жобалық құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін 500 мың теңге сомасында пара алды деген кінә тағылды. Сонымен қатар, Стамқұлов лауазымды өкілеттігін пайдалану арқылы ҚР ТЖМ лауазымды тұлғаларына кездесулер мен бос уақытты ұйымдастырамын деген сылтауымен 4 қызметкерінің 100 000 теңге сомасындағы қаражатын иеленді", - делінген хабарламада.

Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен пара беруші Н. Оразбахов 3 жыл мерзімге, делдал А. Атажанов 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандарға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынады.

Үкімдер заңды күшіне енбеді.

Еске салайық, бұған дейін ұстаздар күніне сыйлық алған мұғалімдерге қандай жаза қолданылатыны туралы жазған едік.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әлемдегі ең қымбат сағат қанша тұрады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова