Алматы әкімдігі қоғамдық көліктердегі жарнама материалдарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінгі кездері Алматыдағы қоғамдық көліктерде түрлі жарнамаларды орналастыру жиілеп кеткен. Атап айтқанда, мұндай деректер №141, 47, 50, 85, 112, 63, 120, 121 бағыттарда тіркелді.
"Келісілмеген жарнама мәтінін автобус және троллейбус салондарында жариялау субсидиялау келісімшартының талаптарына сай келмейді. Сондықтан қалалық мобилділік басқармасы мұндай жарнамаларды анықтаса, онда тасымалдаушы компанияларға ескертулер жібереді. Қалалық мобилділік басқармасы мамандары тасымалдаушы компания қызметкерлерімен бірлесе отырып, осындай заңбұзушылықтарды анықтау және жою бойынша рейд шараларын ұйымдастырады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, басқарма тарапынан тасымалдаушы компанияларға көліктердегі жарнама ілінетін саңылауларды бітеп тастау туралы тапсырма берілді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы қоғамдық көліктерлің бірінде танысуға арналған Instagram-парақшасы жарнамаланғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!