"Танысуға арналған парақша". Алматыда қоғамдық көлікте келеңсіз жарнама жүр

"Танысуға арналған парақша". Алматыда қоғамдық көлікте келеңсіз жарнама жүр

Алматыда №16 бағыттағы автобуста келеңсіз жарнама пайда болды. Қоғамдық көліктің ілініп тұрған тұтқаларында танысуға арналған Instagram-парақшасы жарнамаланып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жақын адам керек болса, парақшаға жазыл", - делінген жарнамада. 

Massaget.kz редакциясы мұндай жарнаманың қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында Алматы қалалық мобильділік басқармасына сауал жолдады. 

"Сұрауыңызда көрсетілген автобустарда жарнама орналастыру - заңсыз. Ондай тәртіпбұзушылықты тексеру Басқарма құзырына жататынын және №16 маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушы "АвтоТрансГаз" ЖШС-не ескерулер жолданғанын қосымша хабарлаймыз", - делінген ресми жауапта. 

Танысуға арналған Instagram-парақша менеджері қызмет көрсететін тасымалдаушы ЖШС басшысы танысы екенін, әр автобусқа жарнама 2 мың теңгеге шыққанын айтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек