- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әкімдігі баспана...
Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді жария етті
Алматыдағы тағы бір тұрғын үй кешені сатып алуға кеңес берілмейтін үйлер тізіміне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жүргізілген мониторинг нәтижесінде интернет желілерінде Шашкин, 42/1 көшесінде орналасқан Maison ТҮК-те пәтерлерді сату туралы хабарландырулар жарияланғаны анықталды.
Алайда, бұл жер телімінің нысаналы мақсаты жерасты автотұрағы бар әкімшілік ғимарат салу және пайдалану, ал сәулет-жоспарлау тапсырмасы медициналық пункт салуға алынған.
Басқарма меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым шығарды, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын мәжбүрлеп тоқтату туралы сотқа талап арыз берілді.
Сонымен қатар, басқарма Экономикалық тергеу департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментіне шара қолдану үшін хат жолдады.
Айта кетейік, жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Қала құрылысын бақылау басқармасының сенім телефонына (+7 (727) 229-81-36) қоңырау шалу арқылы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде құжаттардың толық пакетінің бар-жоғын тексеріп алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін әкімдік интернет-ресурстарда DEMEU Residence тұрғын үй кешенінде құрылыс салушы-Demeu Development-те пәтерлерді сату туралы хабарландырулар жарияланғанын хабарлаған болатын. Алайда меншік иесі құрылысқа рұқсат құжаттарын алмаған.
Сонымен қатар, тағы екі тұрғын үйден - Auezov Apartament және Tole bi Residencе-тен баспана сатып алу ұсынылмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина