Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді жария етті

Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді жария етті
Фото: tengrinews.kz

Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, интернет-ресурстарда DEMEU Residence тұрғын үй кешенінде құрылыс салушы-Demeu Development-те пәтерлерді сату туралы хабарландырулар жарияланған.

Алайда меншік иесі құрылысқа рұқсат құжаттарын алған жоқ. Сонымен қатар, Горный Гигант 192 учаскесінде өндірістік кооперативінде орналасқан жердің мақсатты бағыты - жеке қосалқы шаруашылық жүргізу. Учаскеде құрылыс жүргізілмейді, алайда хабарландыруға сәйкес тұрғын үй кешенін биылдың IV тоқсанында тапсыру жоспарланып жатыр.

"Қала тұрғындарын абай болуға және жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы жедел желісінің +7 (727) 229-81-36 нөмірі бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының толық пакетін тексеруге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын екі тұрғын үйді атаған еткен еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек