Қамауға алынған Алмасхан Ахметжанов мамыр айының соңында Алматының бас сәулетшісі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы әкімдігі Алмасхан Ахметжановтың 2018 жылғы 20 желтоқсан мен 2023 жылғы 31 мамыр аралығында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметін атқарғанын хабарлады.
Ал "Антикордың" ресми өкілі Алмасхан Ахметжановтың жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша күдікті екенін растады.
Еске салайық, Ахметжанов жер телімдерін беру және нысандардың құрылысына рұқсат беру кезінде өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Сот қаулысымен ол екі айға қамауға алынды.
Алматы әкімінің бұйрығымен 2 шілдеде қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының міндетін атқарушы лауазымына Нұрлан Боранбаев тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!