Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) отандасы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Канело Альварестің (58-2-2, 39 КО) жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
WBO чемпионы GGG-ді қолдау үшін Лас-Вегасқа барған болатын. Головкин бұл кездесуде Канелодан жеңіліп қалған еді.
"Біз бармыз, ағайын! Qazaq style бар! Еңселеріңізді түсірмеңіздер! Әлемдік аренада талай мықтыларды құлатып, Көк туды желбіретеміз, бұйыртса!
Біз ешкімнен қорықпаймыз! Бізден қорқады! Біз қауіпті қарсыласпыз! Бокстағы менмін деп жүргендер бізбен шықпау үшін әлі талай сылтау айтады!
Біз өз жолымызды салдық! Өз стилімізді жаһанға көрсеттік! Орта салмақтың чемпионы болдық!
Бұйыртса қараша айында алғаш рет чемпиондық титулымызды қорғаймыз! Жеңісті күнде жолығайық!" - деп жазыпты Жәнібек.
Бұған дейін Әлімханұлының Головкин-Канело жекпе-жегі кезінде айтқан мәлімдемесін жазған едік. Онда Жәнібек Альваресті бір раундта үш рет нокдаунға түсіруге болатынын айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!