"Бір раундта үш рет құлатуға болады". Жәнібек Әлімханұлы Канелоға шүйлікті

"Бір раундта үш рет құлатуға болады". Жәнібек Әлімханұлы Канелоға шүйлікті
Фото: ©reviewjournal.com

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль Альваресті жеңе алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлімханұлының командасы Instagram-да Геннадий Головкин мен Альварес жекпе-жегінің трибунасынан видео жариялады. Онда Әлімханұлы Канело туралы пікір білдірген. 

"Жақсы жекпе-жек. Канело бабында. Жеңіл болады, негізі. Бір раундта үш рет құлатуға болады", - деді Жәнібек Әлімханұлы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TEAM JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_qazaqstyle)

Еске салайық, бұған дейін Головкин төрешілер шешімімен Канелодан жеңіліп қалғанын жазған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш