Ақтөбеде "Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасарды ақтық сапарға шығарып салды

Ақтөбеде "Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасарды ақтық сапарға шығарып салды
Фото: видеодан алынған кадр

"Төрт ағайынды" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде танылған Еркін Ізбасар жерленді. "Мұнай ұрлады" деген күдікпен сотталған марқұм осыдан екі жыл бұрын денсаулығына байланысты бостандыққа шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, кезінде спортшылардан бастап өнер жұлдыздарына дейін демеушілік жасап, аты шыққан Ізбасаровты ақтық сапарға аттандыруға келгендердің қарасы көп болды. Сүйегін қала шетіндегі Заречный елдімекеніндегі өз үйінен шығарды.

Марқұм осыдан бес жыл бұрын қылмыстық топ құрып, адам ұрлау мен мұнай ұрлығына қатысты 12 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Кейін жазасына тағы төрт жыл қосылды, бірақ Еркін Ізбасар сотта өзінің "Ағайынды төртеу" ұйымына қатысы жоқ екенін көп рет айтқан.

Көзі тірісінде балуандарға қолдау көрсетіп, өңірде еркін күрестің дамуына ат салысқан. Олимпиада жүлдегері Нұрислам Санаевты елге алдырып, жаттығуына қаржылай қолдау білдірген. Себебі өзі де жол апатына түсіп арбаға таңылғанға дейін еркін күреспен айналысыпты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан