"Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар қайтыс болды

"Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар қайтыс болды
Фото: Ашық дереккөз

"Төрт ағайынды" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде танылған Еркін Ізбасар көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ізбасардың өмірден өткені туралы ақпаратты оның жақын досы Бауыржан Нұрмаханов растады. Сондай-ақ, ол Еркін Ізбасарды жерлеуге туған-туыстары мен жақындары дайындалып жатқанын атап өтті.

"Иә, таңертең қайтыс болды. Қазір бәрімізге оңай емес. Еркін көптен бері ауырып жүрген еді", - деді Бауыржан Нұрмаханов. 

Еске салайық, 2018 жылғы тамызда Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. 

2021 жылғы қарашада Ізбасардың денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босатылғаны белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек