Ақтөбеде теракт туралы хабардан кейін 50 мың оқушы мектепке бармаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
26 қаңтарда 57 924 оқушының 8558-і ғана мектепке келген. 18 жастағы шетелдік 25 қаңтарда телеграм-арналарда Ақтөбеде жаппай адам өлтіретінін айтқан болатын. Оны полиция анықтап, ұстады. Шетелдік жігіт қарудың фото, видеосын көрсетіп, атыс жасайтын мектептер тізімін жасаған.
Мектептерді полиция департаментінің қызметкерлері мен ҰҚК бірден бақылауға алды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған. 25 қаңтарда полиция жазба авторы анықталғанын, ол көрші елдердің бірінің тумасы екенін, ол 18 жаста екенін хабарлаған болатын.
Облыс, полиция департаменті, білім басқармасының басшылары ата-аналардан үрейленбей, сабыр сақтап, фейк ақпараттарға сенбеуін сұрады.
Айта кетейік, Ақтөбеде жалпы 119 мектеп бар.
Еске салайық, 25 қаңтарда әлеуметтік желілерде Ақтөбе мектептерінде белгісіз біреулер қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұған қатысты облыстық полиция департаменті жауап берді.
Артынша Ақтөбеде тараған хабарламадан кейін мектептер полиция бақылауына алынды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!