Ақтөбеде тараған хабарламадан кейін мектептер полиция бақылауына алынды

Ақтөбеде тараған хабарламадан кейін мектептер полиция бақылауына алынды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе полициясы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдегі полиция хабарламасына сілтеме жасап.

"Қазір құзырлы органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылау және полиция жасақтарының болуына ерекше назар аударылып жатыр. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды", - деді Ақтөбе полиция қызметкерлері. 

Полиция биыл жыл басынан бері осындай жалған хабарламалар Ресей Федерациясының бірқатар қалаларында тарағанын айтты.

"Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең тудыру мақсатында жасалған. Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмауды және сабыр сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында", - деп хабарлады Ақтөбе полициясы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек