Ақтөбеде ер адам желіде жариялаған видеосы үшін айыппұл арқалады

Ақтөбеде әлеуметтік желіде қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзатын видео жариялаған тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында бейнеролик авторы Ақтөбе қаласының 27 жастағы тұрғыны екені белгілі болған.

"Оған құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік айыппұл салынды", - деді ІІМ өкілдері.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілер көпшілікке қолжетімді ақпараттық кеңістік екенін ескертті. 

Еске салайық, бұған дейін Оралда әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан ер адам қамауға алынды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз