Оралда әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында балағат сөздер айтылған видеоны анықтаған.
Жүргізілген іс-шаралар барысында видео авторы анықталды.
"Ол Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық бұзған адам сот шешімімен 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді ІІМ өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында TikTok-та балағат сөз айтқан ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова