- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде 20 жастағы...
Ақтөбеде 20 жастағы екі тұрғын есірткі жасырумен айналысқан
Ақтөбеде есірткі жасырып кетушілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ұсталғандар - облыс орталығының 20 жастағы екі тұрғыны.
"Олардың біреуінен полиэтилен пакет тәркіленді, оның ішінде 186 дана орамша, болжам бойынша, салмағы 500 грамм мефедрон, кеңсе пышағы, 8 дана изолента, zip-пакеттері және электрон таразы бар", - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте төрт көрші есірткі өткізумен айналысқаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова