Шымкентте төрт көрші есірткі өткізумен айналысқан

Шымкентте төрт көрші есірткі өткізумен айналысқан
Фото: instagram

Шымкентте төрт көрші есірткі өткізумен айналысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұсталғандар "Қызылжар" шағын ауданының тұрғындары. Ерлердің есірткі қылмысына қатысы бар екенін ЕҚҚКБ-ның қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында анықтады.

Полицейлер 47 жастағы қала тұрғынының мекенжайын тексеру кезінде бір қап апиын мен кептірілген марихуана тапты. Екінші күдіктінің үйінен құрамында есірткі бар өсімдіктің тұқымдары мен атыс қаруы табылды. Тағы бір жергілікті тұрғын 5 кг марихуана сақтаған. Ал, 38 жастағы ер адамнан жедел уәкілдер ұсақталған есірткі шөбімен толтырылған 32 сіріңке қорабын тәркіледі.

Бұл жайттар бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина