Ақтауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі табылды

Каспий теңізі жағалауында іздеу-құтқару операциясы аяқталды. Туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсеханов өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірдің ТЖД дерегі бойынша іздестіру-құтқару операциясы Каспий теңізі жағалауының жабдықталмаған учаскесінде жүргізілген.

Жігіттің сүйегі бүгін Ақтаудан 51 шақырым жерде табылған. Ол жағадан шамамен 10 метр қашықта анықталған.

Құтқарушылар сүйекті судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда 18 жастағы жігіт іздестіріліп жатқаны хабарланды. Ол Ақтау қаласынан 46 шақырым жердегі Каспий теңізі жағалауына достарымен бірге шомылуға барып, сол күйі үйіне оралмаған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!