Ақтауда су тарту каналында өлі табылған 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованы жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерлеу рәсімі 17 шілдеде өткен. Бұл туралы марқұмның әпкесі Каролина Шальнова хабарлаған.
"2 шілдеде өмірден Шальнова Валерия Николаевна 21 жасында өмірден өтті. Бірнеше дүркін жеңімпаз. ҚР екі дүркін чемпионы. Спорт шеберіне үміткер. Ол жаттықтырушы болғысы келуші еді, Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде оқыды, үшінші курсқа көшкен еді", - деп жазды Каролина Шальнова.
Желі қолданушылары марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтты.
Еске салайық, 2 шілдеде Ақтаудағы су алу каналының аймағында 21 жастағы қыз өлі табылды. Марқұмның әпкесі ол сіңлісі суицид жасады дегенге сенбейтінін айтқан болатын.
Ақтауда көз жұмған қыз танымал спортшы болған
7 шілдеде Валерия Шальнованың өліміне қатысты іс тағы басқа бап бойынша сараланғаны белгілі болды.
Ақтаудағы 21 жастағы спортшының өлімі: сараптамашылар мәлімдеме жасады
Бұған дейін қылмыстық іс 105-бап "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша қозғалып жатқаны хабарланған еді. Кейін полиция 119-бап - "Қауiптi жағдайда қалдыру" бойынша тергеу жүргізуді бастаған болатын. Қазір 99-баптың 1-бөлімі "Адам өлтіру" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Сот санкциясы бойынша, күдікті 10 тәулікке қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!