Ақтаудағы 21 жастағы спортшының өлімі: сараптамашылар мәлімдеме жасады

Ақтаудағы 21 жастағы спортшының өлімі: сараптамашылар мәлімдеме жасады
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысындағы Сот сараптамасы институты басшылығы 2 шілдеде су тарту каналында өлі табылған 21 жастағы Валерия Шальнованың өліміне қатысты сараптама нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Айта кетейік, бұған дейін марқұмның әпкесі Каролина Шальнова видеоүндеу жасап, сараптаманы басқа қаладағы сарапшылар жасауы керегін айтқан болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сот-медициналық сараптамашы полицияға ешқандай зорлық белгілері жоғын айтып ақпарат берген. Бұл барып тұрған сандырақ! Оның мұрны сынып, денесінде, басында гематома барын, мойнын біреу қылғындырғандағы іздер барын өз көзімізбен көрдік. Келесі күні оқиға орнына барған кезімізде денені тауып алған балықшыны көріп қалдық. Ол ешқандай дәрігер немесе сарапшы болмаса да оның мойнындағы іздер анық көрініп тұрғанын, денесі көгергенін айтты", - дейді Каролина Шальнова.    

Ол өзге өңірден сарапшылар келіп, тәуелсіз сараптама жасауы керегін айтты, себебі, Каролинаның сөзінше, сараптама жасаған маман күдіктінің досы. 

Маңғыстау облысындағы Сот сараптамасы институты басшылығы Шальнованың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.  

"Сот-медициналық сараптаманы Эльдар есімді жігіт өткізгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бізде ондай сарапшылар жоқ. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде гистолог еңбек демалысына кетіп қалғаны туралы ақпарат та жалған. Қазіргі заңнамаға сәйкес денені зерттеу 30 күнге дейін созылуы мүмкін. Біз комиссия құрып, Ақтөбе облысынан сарапшыларды шақырттық. Жәбірленуші тараптың адвокаттарына олардың өкілін шақыруды ұсындық. Ол денені зерттеу барысында жүре алатын дәрігер болуы мүмкін. Жәбірленуші тараптың оған құқығы бар, бірақ шешімді қылмыстық тергеу органдары қабылдайды", - дейді институт басшылығы. 

Институт өкілдері денені зерттеу - биологтар да, гистологтар да жүретін кешенді шара екенін атап өтті. 

"Әңгіме денені ашуда ғана емес. Бұл біраз уақытты талап ететін ауқымды жұмыс. Біз жәбірленуші тарап секілді өлімнің нақты себебін анықтағымыз келеді. Желіде тарап жүрген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратпай, ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", - дейді ведомство өкілдері. 

Еске салайық, 2 шілдеде Ақтаудағы су алу каналының аймағында 21 жастағы қыз өлі табылды. Марқұмның әпкесі ол сіңлісі суицид жасады дегенге сенбейтінін айтқан болатын. 

Ақтауда көз жұмған қыз танымал спортшы болған

7 шілдеде Валерия Шальнованың өліміне қатысты іс тағы басқа бап бойынша сараланғаны белгілі болды.

Бұған дейін қылмыстық іс 105-бап "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша қозғалып жатқаны хабарланған еді. Кейін полиция 119-бап - "Қауiптi жағдайда қалдыру" бойынша тергеу жүргізуді бастаған болатын. Қазір 99-баптың 1-бөлімі "Адам өлтіру" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сот санкциясы бойынша, күдікті 10 тәулікке қамауға алынды

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина