Ақтауда ер адам үй маңынан өлі табылды. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен екі адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша полиция департаментінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Екі күдікті соттың рұқсатымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі өкілдері айтты.
15 қарашада 7-шағынаудандағы №3 үйдің маңынан 43 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Одан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқиға дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша қалалық ІІБ-нің ЕРДП-на тіркелді.
"Соттың санкциясымен 22 және 41 жастағы екі ер адам екі ай мерзімге қамауға алынды", - дедң облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда ер адам үй маңынан өлі табылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!