Ақтауда ер адам үй маңынан өлі табылды

Ақтауда ер адам үй маңынан өлі табылды
Фото: Видео кадры

Ақтауда ер адам үй маңынан өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адамның денесі 7-шағынауданындағы үйдің маңынан табылды. Облыстық полиция департаменті өкілдері сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.

"Жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті.  Онда 43 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді полицейлер. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Энергияны тасымалдау желілері қандай мақсаттарда қолданылады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек