АҚШ пен Иран арасында соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды деген жаңалықтан кейін мұнай бағасы төмендеп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ICE биржасының мәліметіне сәйкес Brent қоспасының фьючерстері барреліне 77,91 доллардан саудаланып жатыр, яғни 1,33 пайызға төмендеген.

WTI маркасы одан да төмендеген. 1,565 пайызға, яғни 74,86 долларға дейін арзандаған.
Айта кетейік, мамырдың аяғында мұнай бағасы 100 доллар төңірегінде болған еді, алайда кейін қарқынды түрде арзандай бастады.
Еске салайық, 17 маусымда АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Онда әскери қимылдарды тоқтату және Ормуз бұғазын бұғаттан шығару туралы мәселелер қамтылған.
"Иран мен АҚШ бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге, сондай-ақ, бір-бірінің ішкі істеріне араласудан бас тартуға міндеттеледі", - деп жазылған келісім мәтінінде.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова