- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында бұралқы...
Ақмола облысында бұралқы иттердің етін дәмханаларға сатқан адамға сот үкімі шықты
Ақмолада бұралқы иттерді атып, етін дәмханалар мен мейрамханаға сатқан ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 20 ақпанда Шортанды ауданына қарасты Дамса кентінің 41 жастағы тұрғынына жануарларға қатыгездікпен қарағаны туралы қылмыстық іс тіркелген еді. Ол қаңғыған иттерді аулап, сойып, етін сатып келгені белгілі болған. Тергеу сәтінде үйінен 750 аса астам ит еті табылған.
Тергеу барысында Астана қаласының дәмханаларының бірі ит аулаушыдан 100 мың теңгеден аса сомаға 150 келі етті сатып алғаны анықталды.
Тергеу барысында ит аулап сатқан ер адам бұған дейін ветеринария саласында қызмет етіп, итті атуды білетіні белгілі болған. Тінту барысында оның үйінен "Аделин Супер" препаратты 26 оқ, 190 оқ-дәрілі пластина, қызғылт түсті 11 оқ-дәрі, көк түсті бір оқ, инелі шприц, мылтықтың дүмбісі мен сабы табылған.
"Қылмыстық іс қабылданғанан кейін Шортанды аудандық полиция бөлімінің тергеушісі 4 томдық материалға қарамастан екі апта ішінде хаттамалы түрде істі сотқа тапсырып үлгергенін атап өткен жөн. 26 маусымда Шортанды аудандық сотының үкімімен ит аулаушыға 200 АЕК яғни 690 мың теңге сомасында айыппұл салынды. Қазір айыппұл төленді", - дейді Ақмола облысы полиция департаметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында ер адам дәмханаларға ит етін сатқаны хабарланған еді. Кейін Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова Астанадағы мекемелерде ит еті сатылған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Абзал Алпысбайұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz