Астанада мейрамханаларға ит еті сатылған: экология министрі жағдайға қатысты пікір білдірді

Астанада мейрамханаларға ит еті сатылған: экология министрі жағдайға қатысты пікір білдірді
Фото: tengrinews.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова Астанадағы мекемелерде ит еті сатылған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Иттерге қатысты мәселені қарастырып жатырмыз. Санитария-эпидемиологиялық бақылау тарапынан тексеру жүргізілуі қажет. Екінші мәселе заңнаманы бұзу дерегіне қатысты ІІМ тарапынан шаралар күтіліп отыр. Біз осы заңды әзірлеген уәкілетті орган ретінде ("Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң - еск.) кеше ғана бұл мәселені талқыладық. Жақын арада ІІМ-мен де, Денсаулық сақтау министрлігімен де одан әрі шаралар қабылдау бойынша байланысамыз деп ойлаймын", - деді министр Үкімет кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында ер адам дәмханаларға ит етін сатқаны хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова