- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әкімдікке жіберемін" деп...
"Әкімдікке жіберемін" деп видео түсірген бала жайлы не белгілі?
3 наурыз күні алматылық жеткіншектің әкімдік назарын аудару үшін балшыққа батқан жедел жәрдем көлігін түсіріп алған видеосы тарап кетті. Баланың бұл әрекеті Желі қолданушыларын таңдандырды. Қазнет жұлдызының анасымен Tengri Life сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Алматының Алатау ауданындағы Мәдениет шағынауданында түсірілген. Кадрда жолда үш жедел жәрдем көлігінің тұрғаны көрінеді. Бір көлік балшыққа батқан, ер адамдар оны қазып алуға тырысып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жолды жөндеу үшін әкімдікке жібергім келеді. Жай келді деп ойлайсыздар ма?! Жолдың жөнделмегеніне 5 жыл болды ғой", - дейді бала видеода.
Әкімдік жеткіншектің видеосына жылдам жауап беріп, жолға жөндеу жұмысы аяқталған соң асфальт төселетінін айтты.
Бесінші сыныпта оқитын 12 жастағы Әмірхан Серікбайдың анасы оның футбол және джиу-джитсумен әуестенетінін айтқан.
"Әмірхан джиу-джитсу және футболмен әуестенеді, сондай-ақ ол математиканы ұнатады. Сабақты төртке және беске оқиды. Ол үйдің екінші баласы. Әмірханның әпкесі және қарындасы бар: 15 жастағы Айша және 5-жасар Томирис. Балаларды күйеуім екеуміз тәрбиелеп отырмыз", - дейді ол.
Әкімдікке арналған видеоны Әмірхан 3 наурыз күні таңертең түсірген, ол сол күні-ақ Қазнетте тарап кеткен.
"Бұл тарап кеткен видеоны ол менсіз өзі түсірген. Күнде үйге балшық болып келуден шаршаған болар. Оны желіге де өзі салған. Ол бұл проблемаға назар аударылатынына сенген. Проблема шынымен де бар, асфальтсіз қиын", - дейді Әмірханның анасы.
Әмірханның анасы Халиманың айтуынша, ауданда басқа да проблемалар бар. Мысалы: қаңғыбас иттер.
Баласының арманы жайлы сұраққа Әмірханның анасы туған жерінің проблемаларын шешу үшін ол болашақта басқарушы қызметте болғысы келетінін күлімдеп айтты.
А. Жапатова"Ұлым жеке өзі бәрін ретке келтіру үшін қала әкімінің қызметіне дейін жеткісі келеді", - деп мақтана айтты Халима.