"Әкімдікке жіберемін". Алматылық жеткіншек балшыққа батқан жедел жәрдем көлігін видеоға түсіріп алған

"Әкімдікке жіберемін". Алматылық жеткіншек балшыққа батқан жедел жәрдем көлігін видеоға түсіріп алған
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматылық жеткіншек әкімдіктің назарын аудару үшін балшыққа батқан жедел жәрдем көлігін видеоға түсіріп алған. Баланың бұл әрекеті Желі қолданушыларын таңдандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео krispi_almaty Instagram-парақшасында пайда болған. Видео Алматының Алатау ауданындағы Мәдениет шағынауданында түсірілген. Кадрда жолда үш жедел жәрдем көлігінің тұрғаны көрінеді. Бір көлік балшыққа батқан, ер адамдар оны қазып алуға тырысып жатыр.

"Жолды жөндеу үшін әкімдікке жібергім келеді. Жай келді деп ойлайсыздар ма?! Жолдың жөнделмегеніне 5 жыл болды ғой", - дейді бала видеода. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????_?????? (@krispi_almaty)

Аудан әкімдігі видеодағы жол жекеменшік аумаққа тиесілі екенін жазып, пікір қалдырған.

"Оқиға орнына арнайы техника жіберілді. Қазір Алматы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы "Мәдениет" ықшамауданындағы сумен қамту және су тарту бойынша мердігерді анықтау үшін конкурс жүргізіп жатыр", - деп жауап берген Алатау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Ведомство мәліметінше, жолға жөндеу жұмысы аяқталған соң асфальт төселеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек