"Аққудан аумайды". Жанар Дұғалова ұзату тойынан фотолар мен видео бөлісті

Әнші, актриса Жанар Дұғалова Instagram-дағы парақшасында ұзату тойынан фотолар мен видео бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 

Әншінің оқырмандары оның фотолары мен видеосына "Осындай әдемі көйлек және сәукелемен сондай сұлу қалыңдық ешқашан көрмеппін", "Сіз үшін қуаныштымын, сіз бақытқа лайықсыз!", "Бақытты болыңдар, ешқандай шусыз, хайпсыз тұрмысқа шықты. Жарайсың", "?-ға ұқсайды" деп пікір жазған.

Публикация от Zhanar Dugalova Жанар Дугалова (@zhanar_dugalova) 

Еске салайық, бұған дейін танымал әнші, актриса Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тараған еді.

Ал продюсер Баян Алагөзова күйеуі Тұрсын Алагөзовпен бірге Жанар Дұғалованың тойына барған. Продюсер әншімен бірге түскен фотоларын Instagram-дағы парақшасына жүктеп, оған бақыт тіледі.

Баян Алагөзова сонымен бірге өзі продюсерлік еткен топта өнер көрсеткен әншілердің көпшілігі тұрмысқа шыққанын, алайда олардың арасында алғаш рет Жанар Дұғалованың тойына барғанын айтты. 

Жанар Дұғалова - қазақстандық әнші, актриса, Türkvizyon 2014 байқауының жеңімпазы, KeshYou тобының экс-солисі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!