Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады

Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады

Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны әншілер Маржан Арапбаева мен Мәдина Сәдуақасова Instagram-дағы сторисіне салды.

"Сәлем, достар! Сонымен, уәде бергендей, мен сіздерге айтайын. Бүгін біздің құрбымыз, супер-әнші, сіңліміз Жанар Дұғалова наконец-то тұрмысқа шығып жатыр. Керемет! Бүгін ұзату тойы", - деді әншілер.

Сонымен бірге Маржан Арапбаева мен Мәдина Сәдуақасова Жанар Дұғалова мен әкесінің вальс билеп жүрген видеосын салды.

"Әкесі мен қызының биі. Қандай әдемі көрініс. Бақытты бол, Жанара", - деп жазды Маржан Арапбаева.

 

Еске салайық, бұған дейін Жанар Дұғалова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жақында тұрмысқа шығатынын айтқан еді.

Сол кезде әншінің менеджері мұны Massaget.kz тілшісіне де растады.

"Иә, рас. Жақында тұрмысқа шығады. Той Астанада өтеді", - деп жауап берді әншінің менеджері Нұржауан. 

Жанар Дұғалова - қазақстандық әнші, актриса, Türkvizyon 2014 байқауының жеңімпазы, KeshYou тобының экс-солисі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан