Танымал әнші, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әкесі өмірден өткелі, анасының еңсесі қатты түсіп жүргенін жазған.
"Әкем кеткелі анамның еңсесі қатты түсіп кетті. Бала-шағасы бар, шүкір ғой. Арқасүйер ер азаматысыз өмір сүрү қиын ғой. Біз түсіне бермейтін шығармыз. Кішкене ем алуға жатқан екен. Ұшақтан қалып, жағдайын сұрап қайттым. Ағарып, реңі жақсарып қалыпты, қуанып қайттым. Сіз аман болыңыз, АНАШЫМ! Әкеммен бірге армандаған армандарым орындалып жатса, куәсі сіз болыңыз!" - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Кішкене терлеп алдым". Әнші Бағлан Әбдірайымов өмірден өткен әкесіне жантебірентер жазба арнағаны хабарланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!