"Кішкене терлеп алдым". Әнші Бағлан Әбдірайымов өмірден өткен әкесіне жантебірентер жазба арнады

"Кішкене терлеп алдым". Әнші Бағлан Әбдірайымов өмірден өткен әкесіне жантебірентер жазба арнады
Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

Әнші Бағлан Әбдірайымов Желідегі парақшасында өмірден өткен әкесіне жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, әкесі жас кезінде мықты боксшы болған.

"Сынақ сындыру үшін емес ширату үшін келетінін әрбір есті адам түсінсе керек. Әкем марқұм өз уақытысын да жақсы боксшы болған дейді, көзі көргендер. Сол үшін икемім кеп тұрған шығар?
Өмір жалғасады. Жауапкершілік артып, есейгенімді сездім. Ата-анаң барда балалық еркелігің қалады екен. Анама құдай қуат берсін. Разылығын алатын сапалы ұрпақ қатарында болайық. Уайым жұтпас үшін іштегі шерді шығарып, кішкене терлеп алдым", - деп жазған ол.

"Мұңайма, көңілім, мұңайма,
Тыныштал енді, жүрегім,
Бір күні сен де тоқтарсың
Оны да жақсы білемін.
Бас имей жүрген тағдырға 
Текті бір жанның бірі едім.
Адам боп келдім өмірге,
Адам боп өту - тілегім,
Бәріңе соны тіледім", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Оқимын да жұбанамын". Әнші Бағлан Әбдірайымов дүниеден өткен әкесінің соңғы хабарламасын жариялаған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жүктілік кезінде кола ішуге бола ма?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә