Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты іс: прокуратура жаңа деректі жариялады

Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты іс: прокуратура жаңа деректі жариялады
Фото: Видео кадры

Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты жаңа дерек пайда болды. Атырау облысының прокуратурасы кейбір мәліметті бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, іс материалдарынан Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты ҚК-нің 434-бабында көзделген (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық іс бөлек қаралған.

"Тергеп-тексеру нәтижесінде Мұқанғалиеваның әрекетінде ҚК-нің 434-бабында көзделген құқықбұзушылық белгілері дәлелденбеуіне байланысты 24 маусымда ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2) тармағы негізінде соталды тергеп-тексеру тоқтатылды", - деп жазылған редакцияға берілген жауапта.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбаян Мұқанғалиеваға жасалған алғашқы психиатриялық сараптама қорытындысы шықты. Мамандар оның психикалық жағдайы туралы түпкілікті қорытынды жасау үшін қосымша бақылау мен тексеріс қажет деп тапты.

Еске салайық, бұл іс бойынша айыпталушы - Сұлтан Сәрсемәлиев. Ол өзінің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отыр. Қайғылы оқиға 2025 жылдың аяғында Атырау облысының Жангелдин ауылында болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget