Ақбаян Мұқанғалиеваға жасалған психиатриялық сараптама қорытындысы шықты. Атырау облысы прокуратурасы кейбір мәліметті бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
10 наурызда Индонезиядан экстрадицияланғаннан кейін Ақбаян Мұқанғалиева Атыраудағы арнаулы медициналық мекемеге жіберілген еді. Наурыздың аяғында прокуратура әйелден психикалық ауытқу белгілері анықталса, оған Алматыда сараптама тағайындалатынын хабарлады.
10 сәуірде Ақбаян Мұқанғалиева Алматыдағы Сот сараптама институтына ауыстырылды.
"Алматыдағы стационарлық кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес Мұқанғалиева динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностиканы қажет етеді", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша мамандар оның психикалық жағдайы туралы түпкілікті қорытынды жасау үшін қосымша бақылау мен тексеріс қажет деп тапқан.
Атырау облысында жоғалған отбасының ісі
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
- 66 жастағы Мақсот Қарабалин;
- 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;
- 35 жастағы қыздары Мейрамгүл Қарабалина;
- 32 жастағы ұлдары Наурыз Мұқанғалиев.
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
Атырау облысы ПД
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Tengrinews.kz
Күдікті туралы
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.
Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
- 99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
- 188-баптың 2-бөлігі - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық";
- 190-бап - "Алаяқтық".
Сот отырысы
2026 жылы 18 мамырда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова
qamqor.gov.kz