Қарапайым айлалы іс-әрекет ақ нанды қоректік, пайдалы ете алады. Ұлыбританиялық дәрігер Каран Раджан ерекше лайфхакты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер нанды мұздатқышқа салып, ерітіп, содан кейін қуырып жеуді ұсынды. Маман мұндай әдіс бір тілім нанның гликемиялық индексін бірден екі есе төмендетуі мүмкін екенін түсіндірді. Өйткені, ақ нанды мұздатқан кезде оның құрамында ретроградтық крахмал түзіледі.
Ретроградтық крахмал - ішек қызметіне пайдалы төзімді крахмалдың бір түрі, ол талшық сияқты әрекет етеді.
Гликемиялық индекс (GI) - көмірсулардың қандағы қант деңгейіне қаншалық жылдам әсер ететінін сипаттау үшін қолданылатын термин. GI төмен тағамдар қантты қанға баяу шығаратындықтан, адам ұзақ уақыт бойы тоқ жүреді. Ал қант, ақ нан секілді GI жоғары тағамдарды тым көп жеу қант диабеті мен семіздік дамуының қаупін арттырады.
Айта кетейік, бұған дейін диетолог ақ нан жегеннен дамуы мүмкін ауруларды атағаны хабарланған болатын.
Дәрігердің айтуынша, ақ наннан болатын ағзадағы реакция метаболикалық синдромның дамуына әкеп соқтырады, бұл қант диабеті, подагра, гипертония және басқалары секілді аурулар. Ал оның алдын алу үшін дәрігер құрамында диеталық талшығы көп нанды тұтынған абзал екенін жеткізді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза айт қалай тойланады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!