Диетолог ақ нан жегеннен дамуы мүмкін ауруларды атады

Диетолог ақ нан жегеннен дамуы мүмкін ауруларды атады
Фото: pixabay.com

Ақ нан денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Өйткені ақ нан дайындау кезінде ұнның маңызды қоректік заттары жойылады, яғни оның гликемиялық индексі жоғарылайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ақ нан - еленген бидай ұнынан дайындалады, оны өңдеу кезінде барлық диеталық талшық алынады. Сондықтан ақ нан крахмалы глюкозаға тез ыдырап, жылдам сіңеді. Салдарынан қандағы қант деңгейі жоғарылайды және жағымсыз метаболизмдық реакция пайда болады", - деді Александр Гинсбург Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Дәрігердің айтуынша, мұндай реакция метаболикалық синдромның дамуына әкеп соқтырады, бұл қант диабеті, подагра, гипертония және басқалары секілді аурулар. Ал оның алдын алу үшін дәрігер құрамында диеталық талшығы көп нанды тұтынған абзал екенін жеткізді.

Александр Гиснбург ақ нанды екінші сұрыпты ұнтақталған сұр нан, кебек қосылған нанға алмастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, ол ақ нанды қант, май, маргаринмен бірге жемеуге кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін наннан бас тартса, ағзада қандай өзгерістер болатыны хабарланған болатын. 

  • Арықтайсыз;
  • Теріңіздегі бөртпе кетеді;
  • Асқорыту жақсарады;
  • Энергияңыз көбейеді;
  • Тәуелділіктен арыласыз;
  • Жастықты ұзартасыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ақ нан мен қара нанның қайсысы пайдалырақ?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә