Танымал әзілкеш, блогер Елдос Колобок күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнерпаз өзінің TikTok парақшасында айтып, жазба жариялады.
"Қазір тек бір сұрақ. Калобок ажырасып кетті ме? Ай, заман-ай. Өзінің емес біреудің өмірі қызық болып тұрады ғой. Жасыратын несі бар, мойындаймын. Иә, ажырасып кеттім. Қаншама жыл бірге болдық. Қайғы бар қуаныш бар. Мүмкін ол менің өміріме тым көп болып кетті ме, әлде мен оның өміріне ме? Мен одан жалықтым ба, ол менен жалықты ма? Өкінішке қарай, арамыз суып кетті,- деп айтты блогер.
Елдос Қадырхановтың айтуынша, ол соңғы кезде instgram парақшасына мүлде уақыт бөле алмай жүргенін, бірақ оқырмандарына қайта қызықты контентімен оралатынын жеткізді.
"Жоқ, Жонушкаммен емес сіздермен instagram-да ажырасып кеттім. Сіздер мені, мен сіздерді іздеп. 2 айға жоғалып кеттім. Маған сіздер жетпей қалдыңыздар, сіздерге позитив менен жетпей қалды. Мен қайтадан instagram-ға оралдым,-дейді блогер Елдос Колобок.
@eldos_kalabok сұраққа жауап осы‼️ #врек #рекомендации #fly ♬ оригинальный звук - eldos_kalabok
Айта кетейік, бұған дейін блогер Елдос Қадырханов әкесінің қандай жағдайда өлім құшқанын, сондай-ақ, не себепті әлі сәби сүйе алмай жүргенін айтқан болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!