Ағзаны тазалайтын 5 өнім

Ағзаны тазалайтын 5 өнім
Фото: pixabay.com

Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм-парақшасында ағзаны тазалайтын өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алма

Алма ағзаны уыттардан тазалайды және оның шырыны вирустық инфекциядан қорғайды. Егер сізде тұмау белгілері болса, жиі алманың шырынын ішіп тұрыңыз. Алманың құрамында магний, калий, фосфор және кальций бар.

Қызылша

Бұл көкөніс жасұнық пен органикалық қышқылға бай. Ағзадағы қалдықтар мен уытты тазалау үшін қызылша жеуді әдетке айналдырыңыз. Ол ағзаға күш беріп, қан қысымын дұрыстайды.

Балдыркөк

Бұл көкөніс қанды тазалайды. Ол асқазан және асқорыту жолдарының жұмысын жақсартады. Ағзаны улы заттардан қорғайды.

Пияз

Бұл көкөніс ішекті тазартады, ол бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ ауруларынан қорғайды. Ұзақ қолдансаңыз, қан қысымы қалыпқа келіп, қан тамырлардың серпімділігі артады.

Қырыққабат

Қырыққабат бауырды жақсы тазартады және ішектің жиырылуын арттырады. Бұл көкөністі жиі жесеңіз, ол денедегі ауыр металды шығарады. Оның диета ұстап жүрген адамдарға пайдасы мол.

Оқи отырыңыз: Дәрігер онкологияға әкелетін әдеттерді атады

А. Жапатова