- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ағзадағы D дәрумені...
Ағзадағы D дәрумені тапшылығын қалай білуге болады?
Әлем бойынша көптеген адам D дәруменінің тапшылығымен қиналады. Көктем - оның қорын толтыруға жақсы уақыт. Өзіңіздегі D дәрумені тапшылығын анықтау қиын емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
D дәрумені тапшылығы жайлы мына белгілердің жиынтығынан білуге болады:
- сүйектердің, бұшықеттердің және буындардың ауыруы;
- себепсіз шаршай беру;
- нашар ұйқы;
- шаштың түсуі;
- жиі ауыра беру;
- депрессия, мазасыздық және көңіл күйдің бұзылуы.
Нақты диагнозды дәрігер қан анализінің нәтижесі арқылы қоя алады. Ал жоғарыдағы белгілер - дәрігерге қаралуға себеп.
Көктемгі күн сәулесі - ағзада D дәруменінің синтезделуіне ықпал ететін тегін "дәрі". D дәрумені ағзадағы фосфор мен кальцийдің тиісті деңгейін ұстап тұруға, яғни тістер, сүйектер, бұлшықеттер саулығына жауап береді.
Сондай-ақ, ол иммунитеттің, жүрек-қан тамырлары, жүйке, асқорыту және басқа да жүйелердің қызметін реттейді.
Егер ультракүлгін сәулеленуге қарсы көрсетілімдер болмаса, ағзада D дәрумені синтезделуі үшін көктемде және жазда күн сайын кем дегенде 20 минут күн сәулесі астында болу жеткілікті.
Егер сізге күннің астында көп жүруге болмайтын болса, D дәрумені деңгейін тамақ арқылы толтыра аласыз. Ол албырт, тунец, сардина, балық майы, жұмыртқаның сарысында болады. Ал биологиялық қоспалар түріндегі арнайы препараттарды тек дәрігер тағайындай алады.
Дәрумендер мен минералдар: магний жайлы не білу керек?
А. Жапатова