Алматы облысында бірнеше күн бұрын полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің өртенген мәйіті табылды. Марқұмның қарындасы әлеуметтік желіде жазба қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін, міне, 3 күн, Ағатай! Сенің жоғыңа қалай сенерімді де білмеймін. 3 күн қол жайып, таң намазымен дұға жасап, басыңа барғаныма! Жатқан жерің жайлы болсын! Жаның жай тапсын! Мәңгіге есімде жүрегімде. Балапандарың аман болсын! Қаншама фото-видео қарасам, отбасыңның қасында қорған болғаның, балапандарыңды дамытып жүргеніңді көруге болады. Сен туралы кітап жазуға болады… сенімен бір сәт тілдескен адамның өзі жақсылығыңды айтып кетті. Қайтып сенейін! Сенің кең жүрегіңе әлем сыйғанын қайдан білейін. Өз салаңда да, өз ортаңда да, жақын туыста да тіпті бір көрген адамыңның өзіне дейін жақындастырып кеткенің оған дәлел", - деп жазды марқұмның қарындасы.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік желіде тараған алып-қашпа әңгімеге сенбеуге шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында таудан полицейдің өртелген сүйегі табылғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!