Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова сот отырысында Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тануды сұрады. Судья адвокаттың өтінішхатын қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қорғаушының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын", - деді судья Айжан Құлбаева өтініш бойынша шешім шығарды.
Бұған дейін адвокат Лейра Рамазанова айыпталушы Бишімбаевтың тарапына Нүкенованың денесіне сараптама тағайындау туралы шешім зардап шеккен тарапқа қарағанда әлдеқайда кеш көрсетілгенін мәлімдеген.
Бишімбаевтың қорғаушысы сараптамаға жеке сарапшылардың тартылуы дұрыс емес деп санайды.
Бұған дейін Қуандық Бишімбаев Салтанат қалай жарақат алғанын тағы түсіндірді.
Сонымен қатар, прокурор Салтанат Нүкенованың телефонындағы хабарламаларды оқыды.
Еске салайық, 3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!