"Әділет" партиясы Құрылтайдың бірінші шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Партияның Саяси кеңесі бюросы отырысында депутаттық мандатқа ие болған 110 кандидаттың тізімі бекітілді. Тиісті шешім мен партиялық тізім Құрылтайдың бірінші шақырылымындағы депутаттарды ресми тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданған.
Олардың қатарында ұлттық Құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі, Мәжілістің 20 экс-депутаты және Сенаттың 4 экс-депутаты бар.
Сонымен қатар, 10 адам - Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, төртеуі - Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, бесеуі - Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі. Тағы 26 адам мәслихат депутаты болып сайланған.
Құрамда әртүрлі саланың мамандары, соның ішінде 3 эколог, 2 волонтерлік қозғалыс өкілі және IT саласының 4 маманы бар.
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысты. Құрамы мынадай:
1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді.
25 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша қорытынды нәтижені жариялады. Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауға тиіс болатын.
Құрылтайға бес саяси партия өтті. Мандаттар былай бөлінді:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!